Жезқазған-Шымкент бағытында әуе рейсі ашылады
11 қазаннан бастап Жезқазған-Шымкент бағытында әуе рейсі ашылады.
Бұл ұлытаулықтар үшін көптен күткен жаңалық. Субсидияланған рейс аптасына екі мәрте сәрсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Кешеден бері билет сатыла бастады. Бағасы 15 мың теңге. Ал 14 жасқа дейінгі балалар үшін 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Жалпы облысты еліміздің ірі қалаларымен әуе жолы арқылы байланыстыру өңірді дамытудың кешенді бағдарламасына енген. Келер жылы тағы бірнеше бағыт бойынша рейс ашу жоспарда.
Ернұр Еділбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бөлім басшысы:
- Осы уақытқа дейін ең басты сұраныс Шымкент қаласына болды. Біз енді оны қолға алып, осы 11 қазаннан бастап ашып жатырмыз. Ендігі сұраныс Өскемен мен Балқаш қаласына. Осы екеуіне ашқаннан кейін Ақтау қаласын қолға аламыз, сол бағытта жұмыс істейміз.