Астана энергетика саласында «жасыл болашаққа» ұмтылыста көш бастай алады
Араб елдері 2030 жылға дейін жаңғыртылатын энергияға 1 трлн доллардан астам қаржы құюға дайын.
Бұл туралы KAZENERGY Еуразиялық форумында Араб елдерінің жаңғыртылатын энергетика мәселелері жөніндегі комиссиясы Мохаммед Аль Таани айтты. Ол Қазақстанға декларация қабылдап, Ислам әлемі үшін арнайы платформа құруды ұсынды. Бұл саладағы серіктесті арттыруға сеп береді. Жалпы әлем елдері жаңғыртылатын энергия өндірісін 2030 жылға дейін 3 есе көбейту керек. Бұған 4 трлн АҚШ доллары қажет. Жиында спикерлер бір ауыздан жасыл болашаққа жаһан болып қол созу керек деген тұжырымға келді. Бұл тұрғыда Астана көшбасшылық ете алатыны айтылды.
Мохаммед Аль Таани, Араб елдерінің жаңғыртылатын энергетика мәселелері жөніндегі комиссиясы:
- Қазақстан Үкіметімен арнайы платформа жасап, дамыған мемлекеттермен осы мәселелерді талқылауымыз керек. Бұл ақылды қалалар құруға көмектеседі. Астананың заманауи қала екенін көріп отырмын. Кез келген елге үлгі бола алады. Тиісінше болашақта энергетика салсында көшбасшылық ете алады. Ұрпақ үшін әлемді құтқаруымыз керек.