Елде 20 мың тәрбиеші біліктілігін арттырды
Қазақстанда 20 мыңнан аса тәрбиеші кәсіби біліктілігін арттырды.
Бастама мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту үшін іске асырылып жатыр. Бүгінде 79 мектепке дейінгі ұйымда "Құзыреттілік орталықтары" жұмыс істейді, онда тәрбиешілер тәжірибе алмасып, үздік әдістемелерді меңгереді. Тәрбиешілердің жалақысы қыркүйектен бастап тағы 30%-ке көтерілді. Биыл өңірлерде 300-ден астам мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды. Жыл соңына дейін 81 мың бала, ал 2025 жылға дейін 223 мың бөбек жаңа балабақшаға барады.