Қарағандылық мұғалім «ТМД елдерінің білім беру саласындағы үздік маманы» атағын алды
Ағылшын тілінің мұғалімі қазір гуманистік педагогика ғылымын терең зерттеп жүр.
Оксана Акифьева оқушыларынан тыныш отыруды талап етпейді. Бала өз пікірін білдіріп, қате болса да, ойын айтқаны дұрыс дейді. Сондықтан сабақта еркін форматты ұстанады. 2 мыңға жуық оқушы оқитын мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі сүйікті ұстаздардың бірі. Оны оқушылар да әріптестері де растайды.
Милана Вотинова, оқушы:
- Біздің ағылшын тіліне деген қызығушылығымызды арттырған осы мұғалім. Қазір де біз онымен тығыз жұмыс істеп тұрамыз. Жалпы оның сабақ беру әдісі маған қатты ұнайды.
Сәуле Байғамбенова, № 23 мектеп директорының орынбасары:
- Оксана Александровнаның әр сабағы шыныменде көптеген әдіс-тәсілдерге бай. Үнемі ізденіс үстіндегі мұғалім. Былтырғы жылы да біз облыстық семитнарлар бердік. Сол кезде облыс мұғалімдеріне өз тәжірибесін беру үшін бірнеше сабақ берді. Сол сабаққа бізде қатыстық. Сабақ жөнінде біздің өзге әріптестердің оң пікірі өте көп болды.
Мұғалім ізденісті тоқтатпау керек дейді Оксана Акифьева. Сондықтан үздіксіз дамуды басты орынға қойған. 15 жылдық жұмыс тәжірибесінде жеткен жетістігі аз емес. Биыл докторантураға түсіпті. Білім берудегі жаңа әдістерді енгізгенді ұнатады.
Оксана Акифьева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:
- Педагогтың сөйлеу этикасы, оқушыларға тапсырманы түсіндіру, ертегілер мен эпостық жырларды, кейбір әндерді балалармен бірге оқып – жаттау әдісін қолдандық. Осыдан шыққан тапсырманы балалардың рухани-адамгершілік қасиетін арттыру мақсатында үйреттік. Міне осы нұсқаулықта біз барлық дидактикалық материалдарды жинап шет тілі мұғалімдеріне әдістемелік ұсыныстар бердік.
Оксана Акифьеваның 2021 жылы дәл осы байқауда «үздік магистр» атанған. Бұдан өзге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚР Президентінің медалінің иегері. Биыл ТМД елдерінің білім беру саласындағы үздік маманы атанды. Ал докторлық дисертациясында өзіне жақын гуманистік бағытты терең зерттемек.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зулпыхар