Қонаевта жылу құбырлары жаңартылып жатыр

Қонаев қаласында жылу құбырлары жаңартылып жатыр.

Қалада жаңадан үш жарым шақырым жылу магистралі жүргізіледі. Қазір құрылысшылар Алматы мен Қонаев көшелерінің бойына құбыр төсеуге кірісті. Бұл жұмыс желтоқсан айында аяқталуға тиіс. Жаңа магистарль қолдануға берілсе, жылу жүйесіне түсетін қысым 80%-ке жеңілдейді. Ал желі тек келер жылы ғана іске қосылады. Жалпы жылу жүйесіне қаладағы 245 көп қабатты үй қосылған.

Амантай Садықов, құрылыс алаңының басшысы:

«Негізгі ауыр жұмыстар, демонтаж, жер қазу жұмыстары бітті. Енді жеңілдеу жұмыстары қалды. Әкеп жатырмыз, трубаларын, лотоктарын деген сияқты».