Акушер-гинекологтар репродуктивті денсаулық тақырыбын мектепте оқытуды ұсынды

24.kz

Қазақстандық дәрігерлер халықты салауатты өмір салты туралы ақпараттандыру бағдарламасын енгізуді ұсынып отыр.

Акушер-гинекологтар мен урологтар репродуктивті денсаулық тақырыбын мектепте оқыту керек деген пайымда. Мамандар бұл ретте, ақпаратты ұсыну әДістерін өзгерту маңызды дейді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар осы тәсіл азаматтардың саУатын арттыратынын атап өтті. Әйтпесе бүгінде жасанды жолмен бала көтеруге квота бөлінетінін, барлығы бірдей біле бермейді. Былтыр осындай жолдаманы 6 мыңнан аса отбасы алған.

Тамара Жүсіпәлиева, репродуктивті медицина институтының бас директоры:

- Дәрігерлеріміз шалғай елді мекендерге барады. Бала көтермейтіндерге кеңес береміз деп жарнама таратады. Сол кезде әйел адамдар келіп, жасанды жолмен бала көтеруге квота бөлінетінін мүлде естімедік деп айтады. Сондықтан,, халық арасында тиісті ақпарат тарату репродуктивті әдістер мен технологиялардың мүмкіндігін жеткізу біздің міндетіміз.