Бала құқықтары жөніндегі уәкіл «Ізгілік жолы» пилоттық жобасының жұмысымен танысты

Елде күн сайын  жасөспірімдер арасында 5 қылмыс тіркеледі.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осылай дейді. Ол бүгін қалалық Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотта болып, «Ізгілік жолы» пилоттық жобасының жұмысымен танысты. Бұл бағдарлама балалардың құқық бұзушылықтарға жол бермеуіне бағытталған.  Оның аясында,, жасөспірімдерге әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіліп, олармен психологиялық жұмыстар жүргізіледі.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Күн сайын балалар арасында 5 қылмыс тіркеледі. Бұл тұрғыда біз жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп әзірлеген «балалар қауіпсіздігі туралы» заң жобасын қабылдаған болатынбыз. 50-ден астам өзгерту енгіздік. Оның ішінде балалар бір емес бідрнеше рет жасайтын құқық бұзушылықтарға баса мән бердік. Қазір «Ізгілік жолы» пилоттық жобасы жұмыс істеп тұр. Нәтижесі жақсы болса, оны елдің барлық аймағында іске қосу қажет. Себебі бала қауіпсіздігі мен құқы қашан да өзекті.