Мәжілісте қала құрылысы кодексі талқыланды

Қала құрылысында қордаланған мәселе көп.

Бей-берекет салынған тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандардың жоқтығы тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Мәжіліс депутаттарымен қала құрылысы қодексін талқылаған сарапшылар осылай дейді. Жалпы, бұл құжатта әр қаладағы жер учаскелерінің функционалдық және интерактивті карталары мен коммуналдық желілердің схемалары қамтылады. Жиынға қатысушылар сәулет пен бас жоспарды қайта жасамас бұрын білікті урбанистерді даярлау керек дейді. Ғылымға бет бұрып, бас жоспардың баламасын іздеу де ұсынылды.

Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірінші кезекте адамдарға қолайлы өмір сүру ортасын еңгізу керек. Сонымен қатар, инклюзивті орта және экономикалық дамуға әсер ететін нормалар болу керек. Соның ішінде сарапшылардың айтуынша, Мастер план енгізу керек сияқты. Жаңа ғылыми орталықтар ашып, бүкіл қала құрылысын егжей тегжейлі зертртейтін мемлекеттік бағадралма жасау керек деген ұсыныстар түсіп жатыр.