Риддердегі ЖЭО жөндеу жұмыстары аяқталды

Риддердегі жылу электр орталығыy жөндеу аяқталды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін жұмыс барысымен танысты. Қазіргі кезде қазандықтардың бір бөлігі іске қосылған. Одан бөлек, турбиналық цехтар, байланыс трансформаторлары ретке келтірілді. Көмір тасымалында мәселелер туындамас үшін темір жолдар қайта жаңартылатын болады. Жалпы, жөндеуге 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Өткен жылыту маусымында станциялардың барлығы дерлік апаттық жағдайда жұмыс істеген болатын. Үкімет басшысы бұл мәселелер Жылу Электр Орталығын жаңғыртуға тиісті қаражат салмаған бұрынғы басшылардың салғырттығынан болғанын атап өтті. Әлихан Смайылов Риддердегі бұл мекемені қайта құруды және коммуналдық меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Өткен жылыту маусымында Риддер қаласының жылу электр орталығы апаттық жағдайда жұмыс жасады. Риддер қаласының халқы жылытумен толығымен қамтамасыз етілмеді өкінішке қарай. Риддер қаласында 50 мыңнан астам халық тұрады. Күндіз-түні бұл жұмыстарды бақылап, уақытында бітіріп Риддер қаласының тұрғындарын толығымен жылумен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстау керек.