Алматыда қос биржаны біріктіру мәселесі пысықталды
Қазақстан қор биржасы мен Астана халықаралық биржасын біріктіру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі.
Бұл туралы Алматыда Парламент депутаттарының қаржы институттары өкілдерімен кездесуінде айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында KASE мен AIX-ті қосуды ұсынған болатын. Президент екі биржа бірінің жұмысын бірі қайталайтынын, кейде бәсекеге түсетінін алға тартқан еді. KASE-Қазақстанның заңнамасы бойынша жұмыс істесе, AIX-Ағылшын-Уэльс құқығын басшылыққа алады. Сондықтан, мамандар қазіргі таңда жан-жақты талдау жасап, биржаларды біріктірудің техникалық жолдарын қарастыруда.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазір әртүрлі эксперттік ойлар айтылып жатыр. Бір холдинг құрылады деген сияқты мәселе бар. Біз соның бәрін бүгін осы талқылап жатырмыз. Болашақта мен ойлаймын осы мәселені жалпы нүктесін қоюуымыз керек. Президенттің берген тапсырмасы бар. Сол жылдың аяғына дейін біз осы мәселені шешуіміз керек.