Министрлік гранттарды әкімдіктерге береді
Денсаулық сақтау министрлігі білім гранттарын жергілікті атқарушы органдарға береді.
Яғни келесі жылдан бастап медицина мамандарына арналған грантты әкімдіктер бөледі. Мұны Мәжілісте ведомство басшысы мәлімдеді. Ажар Ғинияттың айтуынша елде жыл сайын 4 мыңға жуық маман жетіспейді. Жылда 7 мың жас медициналық оқу орындарынан диплом алып шығады. Соның 3 мыңы өңірлерге жіберіледі. Бірақ, аймақта көбі тұрақтамайды. Мәселен әкімдіктер сол үш мың маманның алты жүзіне ғана қаржылай қолдау көрсеткен. Үш жүзін ғана үймен қамтамасыз еткен.