10 қазаннан бастап Орал-Самара жолы ақылы болады
10 қазаннан бастап Шымкент-Самара күрежолының Оралдан Ресей шекарасына дейінгі бөлігі ақылы болмақ.
Тек жеңіл көліктер 56 шақырым жолды тегін жүреді. Ал автобустар мен жүк көліктері салмағына, көлеміне байланысты 280 теңгеден 1400 теңгеге дейін төлейді. Осы жолдың бойындағы ауыл тұрғындарына бірқатар жеңілдік қарастырылған. Жергілікті жүргізушілер бағасы 3 мың теңгеден басталатын абонемент сатып алуға құқылы. Аталған жол арқылы тәулігіне бір мыңдай жүк көлігі өтеді. Қазынаға түсетін қаржының басым бөлігі сол жолды күтіп ұстауға жұмсалады.
Дамир Тілеубаев, «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының бөлім басшысы:
- 23% ақы алу жүйесін күтіп-ұстау үшін арналған. 10% салық төлеуге кетеді. 36% жолды күтіп ұстауға арналған және 31% арнайы техниканы жаңартуға арналған. Ақы алу жүйесі орнатылған біздің бағыттағы «без остановочный» тоқтаусыз жүріп өту жол бойымен басынан соңына дейін. Автоматты түрде ақы алынып тұрады.