Ақтөбеде газ құбырындағы ақау жөнделеді

Ақтөбенің газ құбыры бойындағы ақаудың себебін анықтау үшін комиссия құрылатын болды.

Қазір оқиға орнында қаланы көгілдір отынмен қамтушы компания мен желі құрылысын жүргізген  мердігер мекеменің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай кеше кешкісін тіркелді. Береке тұрғын үйлер алабы маңындағы газ реттеу станциясында ақау болып, ауаға газ тарады. Нәтижесінде, жақын маңдағы үй тұрғындарынан маза кеткен. Мамандардың айтуынша, бұл құбыр желісінде жүргізілген жоспарлы жұмыс кезінде анықталды. Бірақ нақты себебі кейін белгілі болмақ. Ал ауаға таралған газдың мөлшері 12 мың текше метр шамасында екен. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ және тұтынушыларға көгілдір отын қосымша құбыр арқылы тұрақты беріліп жатыр.

Бекжан Өтеміс, қала тұрғыны:

- Кешке қарай звук деген бүкіл Батыс-2 районынан шықты. Газ деген облоко осылай қарай алды беттеп. Бірақ, даусы енді кәдімгідей қатты шықты.

Ділдабай Тайшымов, Ақтөбе облысының магистралді газ құбырлары басқармасының басшысы:

- От тисе қаупі болды, енді біз нақты сол жерді алатын болсақ, неге жанбады, неге өртенбеді дейтін болсақ, соның қасында бұлақ бар екен. Сулы болғаннан кейін аман қалды. Енді әрмен қарай зерттеп қалай болды? Неге болды? Соны анықтаймыз.