Лудоманияға қарсы заң Үкімет қарауында
Лудоманияның тамырына, балта шабатын заң жобасы әзірге үкіметтің қарауында.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бүгін мәжіліс отырысында хабарлады. Себебі депутат, Нартай Аралбайұлы құмар ойындарға шектеу қоюға қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Былтыр елімізде жасалған 157 мыңнан астам қылмыстың 20 пайызы құмар ойынға салынғандардың үлесінде екен. Ал өз-өзіне қол жұмсаған 3 676 қазақстандықтың, әр бесіншісі, лудомания дертіне шалдыққан деген дерек бар. Депутаттың айтуынша, осыдан 4 жыл бұрынғымен салыстырғанда құмар ойындарға бәс тігу көрсеткіші 40 есе артты. Ал букмекерлік ұйымдардың жылдық қаржы айналымы 1 трлн теңгені құрады. 174 мың жас қазақстандық 36 млрд теңгеге бәс тіккен. Ал құмар ойынға салынғандардың саны 350 мыңнан асты.
Нартай Аралбайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біз мына қоғамдық көліктердің сыртын, үйдің қасбетін түгелдей лудоманияның жарнамасына бердік. Дәл осы мәселені мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан еді, енді мәселе айтылды. Енді биліктің не күтіп отырғаны түсініксіз. Себебі Аманат партиясының депутаттары былтыр лудоманияға қарсы заң жобасны дайындады. 50-ден астам түзету бар. Үкіметтің қарауына жіберілді. Арада бір жыл өтті, бірақ АИРВ әлі дайын емес, есеп-қисап. Билік кімнің қас-қабағын бағып отыр деп сұрағым келеді?
Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өздеріңіздің бастамашылдық жасаған түзетулеріңіздің бәрін мен құзыретті органдармен бірге қарап шықтым. 16 біз қазір шектеу салатын өздеріңіз ұсыныстарыңыз тағы біздің ұсыныстарымыз бар, соны ұлттық экономика министрлігімег қазір қарап 8-ін тәмамдап жатырмыз енді аптаға бітіреді. Сегізі келесі айға бітеді деп отырмыз, содан кейін алдарыңызға келеміз.