Депутат: Еліміздегі 800 мектепте асхана жоқ
Қазақстандағы 800 мектептің асханасы жұмыс істемейді.
330 білім беру мекемесінде тек буфеттер бар. Тағы жүздеген мектепке, қоғамдық тамақтану орындарынан жеткізілетін кейте-ринг ұйымдастырылған. Бүгінгі пленарлық отырыста мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүйлейменова осындай мәселе көтерді. Депутаттың сөзінше, мектеп асханаларындағы баға айырмашылығына байланысты, ондағы астың сапасы, көңілге күдік ұялатады. Оқу-ағарту министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, ең жоғары баға Алматыдағы мектептерде орнаған, Мұнда 840 теңге болса, ең төменгісі Қарағанды облысында 500 теңге шамасында. Құзырлы ведомство басшысы Ғани Бейсембаев тегін ас-су тек, мемлекеттік мектептерде ұсынылатынын жеткізді. Министрдің айтуынша, енді жекеменшік мектептердің оқушыларын да, ыстық аспен қамту туралы, заңға өзгерістер енгізілмек.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Асханасы жоқ мектептерге байланысты, негізгі біздің мәліметіміз бойынша аймақтардың беріп отырған 591 мектепте асхана жоқ. Осы асханалардың барлығының ыстық тамақпен қамту бағытында буфеттік және кейтеринг бағытында тамақтар ұйымдастырылуда. Ол денсаулық сақтау министрлігінің де бұйрықтарына енгізілген. Бұл нормаға бірлесіп жұмыстар атқарғанбыз. Дегенменен бұл мектептердегі асханалардың соғылуына байланысты. Барлық өңірлерге тиісті жол картасы тұрғысынан ұсыныс берілді. Ол бағытта қазір жұмыстар жүргізілуде.