Шаруаларды қолдау шарасы
Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында, ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруаларды қолдау шаралары қаралды.
Биыл біраз өңір, жаз кезінде құрғақшылыққа, ал тамыз-қыркүйек айларында толассыз жауған жаңбырға байланысты қиындыққа тап болды. Бұл жағдай егін сапасына кері әсер етті. Депутаттар бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Өз кезегінде Үкімет барлық өтініш пен тапсырмаларды ескеріп, арнайы шаралар қабылдады. Бүгінде қажеттілікті толық жабу үшін 155 млрд теңге көлемінде субсидия бөлу мәселесі, қарастырылып жатыр.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- 31,3 млрд тг форвардтық сатып алуға, қазіргі уақытта жіберіп жатырмыз. Оның ішінде әділ баға белгіленді. 3 классқа 120 мың тг, 4 классқа 105 мың тг. Алған тауарлық кредиттерге, мүмкіншілік болмаған фермерлерге келесі жылға созып жатырмыз.