Дүкен Мәсімханұлының шығыстануға қосқан үлесі
Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына құрмет көрсетілді.
Биыл ол өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс аяусыз басылып тасталған соң Дүкен Мәсімханұлының атасы Қытайға қоныс аударады. Өмір бойы тарихи отанына оралуды арман еткен Дүкен ер жетіп, іскер адам ретінде ғана Алматыға көшуге мүмкіндік алған. Бүгінгі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ғалымның еңбектеріне арналды. Конференцияға қатысушылар отандық шығыстану ғылымының өзекті даму бағыттарын талқылады. Сондай-ақ Дүкен Мәсімханұлының бұл салаға қосқан елеулі ғылыми үлесі атап өтілді. Ол бірнеше оқулықтың авторы. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қытайтану кафедралары білім беруде осы күнге дейін ғалымның зерттеулері мен әдістемелерін қолданады.
Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры
- Дүкен Мәсімханұлы 90-шы жылдардың басында тарихи отанына - Қазақстанға көшіп келіп, көп жылдар бойы әл-Фараби университетінде жұмысын бастады. 2000 жылдардың басында Еуразия Ұлттық университетіне келіп, қытайтану бағытындағы кафедра ашып, ғылыми-зерттеу институттарды да ашып, көптеген еңбектер жасап жатыр, осы қытайтану бағытында. Қазақтың сол поэзиясы, прозасы жөнінде зерттеулер көп қалдырып жатыр.