Алматы облысындағы Топар өзенінің арнасы тазартылып жатыр

Алматы облысындағы Топар ауылы шалғайда жатқан елді мекеннің бірі.

Бірнеше жыл бойы Топар өзені тартылып, ауылға су жетпей құмға сіңді. Тіршілік нәрінен таршылық көрген тұрғындар бұл мәселені аудан, облыс басшылығына айтумен-ақ келген. Үнемі кейінге шегерілген іс басталып кетті. Келер жылы Іледе су мол болса, қос ауыл арасы сулы, нулы өлкеге айналуы мүмкін. 

Аралтөбе ауылының маңында тегеурінді техника жұмыс істеп жатыр. Топар өзенінің құрғап қалған арнасын механикалық тазалау бір ай бұрын басталды. Содан бері өзеннің өзегі тамырланып кеткен бұта, қурайлардан, тұрмыстық қалдықтардан аршылды.

Айдын Үркімбаев, Ақжар ауылдық округінің әкімі:

- Арналар бітелген. Қазір механикалық тазалау жұмыстары. Бұрынғы арнасынан екі метрге төмен қазып жатыр. Биылғыдай су көп болса осы арнамен толық жүреді деген жоспарда. Ол жерге мал суғаруға. Ол Іледен алыс, шалғай жатқан ауыл болғаннан кейін осы Топар өзенінің суы барып тұратын болады Топар ауылына.

Аралтөбе Іле өзені мен Топар ауылының ортасында орналасқан.Топарға судың тартылып жатқанына жергілікті тұрғындар да қуанышты. Өйткені судың келуімен көп жылдан бері  құрғап тұрған арна  айдынға айналады. Ауыл тұрғындары жаздың аптап ыстығында өзен жағасын саялайды. Қолдағы мал да су іздеп алысқа ұзамайды.  

Бекхан Тазабеков, Аралтөбе ауылының тұрғыны:

- Тоқсаныншы жылдары қазған. Ол кезде бетін ғана алып кеткен. Бұл жолы жақсы қазды. скл «Осы енді ауылдың жаңалығы. Бәріміз қуанып жатырмыз. скл «Жан жағы көгалданып ауылдың іші сондай бір әдемі болып тұрады.

Қазір Аралтөбеде мыңға жуық халық тұрады. Шалғайдағы шағын ғана  ауылға жету қиын еді. Өйткені, жол жағдайы нашар болатын. Бұл мәселе реттелді. Ауылдың ішкі көшелері жөнделды. Кіреберіс жолға асвалть төселді. Көршілес жатқан Топарға  су Іле өзені арқылы барады. Кейінгі жылдары Іленің де деңгейі түсіп кетті. Күзде тіпті азаяды. Себебі егістік алқаптарын суару аяқталады. Бірақ, соған қарамастан Топар сусыз қалмайды дейді жауапты мамандар. Көктемде өзен деңгейі көтерілгенде халық көптен күткен суға қол жеткізбек.

Алмас Садуақас, тілші:

- Қазір өзен арнасының 5 км тазартылып бітті. Жыл соңына дейін әлі алты км тазартылады. Ал су көктемде жіберіледі.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев, Аманжол Жөнкешов