Алматыдағы «Кітап-AMANAT» жобасы
«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жастарды кітап оқу мәдениетіне баулуды қолға алып отыр.
Республика күніне орай «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы, ақын Алмас Ахметбекұлымен оқырмандардың кездесуі ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандар ақынмен еркін сұхбат құрып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында жастар демеушілердің қолынан «Кітап-AMANAT» дүкенінен сыйлыққа қалаған кітабын алды. «Кітап-AMANAT» жобасының мақсаты – оқырмандарды қол жетімді бағадағы тиісті кітап қорымен қамтамасыз ету. Бұл сондай-ақ ақын-жазушылар мен ғалымдарға да оқырманмен қауышуға жақсы мүмкіндік.
Әсия Аханова, "AMANAT" Партиясынан қалалық мәслихаттың депутаты:
- Бүгін іс-шараға біз арнайы жастарды шақырдық. Енді өзектілігін көрсетті. Менің қуанышыма жастарымыз енді өте белсенді. Әртүрлі сұрақтарды қойып жатыр.
Медет-Ізет Құсанқызы, студент:
- Қатты ұнағаны осы кездесуден кейін біздің демеушілеріміз «Кітап-Amanat» кітап орталығынан өзімізге ұнайтын кітаптарды алып беріп жатыр. Бұл жастарға кітапты оқытудың бір мотивациясы ретінде күшті деп ойлаймын.