Елімізде 337 мың ақбөкенді ату немесе торға түсіру жоспарланған
Осы күнге дейін елде ресми түрде 14 киік атылып алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Бұған Экология министрлігі рұқсатын да берген. Бұл жөнінде бүгін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
Қазіргі таңда ведомство ақбөкендердің популяциясын реттеу бойынша биологиялық негіздеме беріп, 2 тәсілді қолдануды ұсынған. Оның біріншісі – киіктерді торға қамап, кейін бауыздап, етін зауыттарға тапсыру. Ал екіншісі – ол ақбөкендерді ату екен. Осы екі тәсілді пайдалану арқылы бүгінде 100-ден астам киік ауланған. Министрліктің сөзінше, 337 мың ақбөкенді ату немесе торға түсіру жоспарланған. Себебі қазір олардың саны 2 млн 600 мыңнан асады. Дала кезген жануарлар егіндерді таптап кетіп, шаруаларға шығын келтіріп жатыр.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Мемлекет қыруар ақша салған себебі – осы киіктің санын сақтап қалу. Біз бүгін сол «критический» деңгейден өтіп кеттік. Бүгін енді бізде басқа мәселе туындады – енді реттеу. Көп күн ылғал болып, машиналар жүре алмады. Сол себепті біз тоқтатып қойды.