7 туроператор лицензиясынан айырылды
Шетелдегі демалысты ұйымдастыратын 7 туристік компания лицензиясыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның төртеуі – алматылық, қалғандары – астаналық туроператорлар. Олар Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңды бұзған. Атап айтқанда, 7 туроператордың 27-бап, үшінші тармағына сәйкес 15 млн теңге көлеміндегі капиталы болмаған және әр турөнімнен «Туристік қамқор» қолдау қорына 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жарнаны төлемеген. Алматы және Астана қалаларының туризм басқармалары сол себепті турператорлардың лицензиясын 6 айға тоқтатып отыр.
Бүгінде елімізде 423 туроператордың лицензиясы бар. Оның ішінде 60-қа жуығы қазақстандықтардың шетелдегі саяхатын ұйымдастырады.