Жамбыл облысында 845 тоннаға жуық балық өсірілді
Жамбыл облысының шаруалары 9 айда 845 тоннаға жуық балық өсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыдан бірнеше жыл бұрын аймақта балық шаруашығы санаулы болағынын ескерсек, бұл – үлкен жетістік, - дейді сала мамандары. Тұрғындардың тоғанда су маржанын өсіріп, кәсіп ашуына, мемлекеттен берілетін мол қаржылай қолдау түрткі болды.
Бүгінде аймақта 8 ірі балық шаруашылығы бар. Басымы албырт тұқымдас балық түрін өсіреді. Биыл оларға жергілікті бюджеттен 281 миллион теңге субсидия бөлінді.
Қанат Зәуірбеков, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
- 2030 жылға дейін 8 мың тоннаға жетуі керек Жамбыл облысының балық шаруашылығы. Келесі жылы да сол 1 376 тоннаны осы балық шаруашылықтарының арқасында тауарлы балық өсіріп шығарамыз деген сенімдеміз.