СІМ бірқатар қызмет түрін автоматтандырды

СІМ бірқатар қызмет түрін автоматтандырды
aikyn.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халыққа қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша бірқатар шаралар қабылдады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді барынша қолдануға ыңғайлы болу үшін бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде egov.kz порталы арқылы мүмкін болатын 17 мемлекеттік қызметтің 10-ын ұсынады – делінген хабарламада.

ҚР шет елдердегі мекемелерінде келесі саладағы қызметтер бойынша электрондық өтініш беру процесі автоматтандырылған:

Азаматтық хал актілерін тіркеу;

Жекелеген санаттағы электрондық визаларды беру;

Консулдық есепке қою және алу;

ЭЦҚ алу;

Қазақстандағы шетелдік инвесторлық қызметпен байланысты электрондық өтініш беру.

Азаматтардың сұраныстарын өңдеу уақытын қысқарту мақсатында мемлекеттік ақпараттық жүйелер белсенді қолданылады.

Бұл шара шетелдегі Қазақстан азаматтарының паспорттарын ресімдеу мерзімін, Қазақстан азаматтығын, отбасылық жағдайын және басқа да сұраныстарды растауды 3 айдан 1,5 айға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. vmp.gov.kz визалық-көші-қон порталы арқылы елге оралуға арналған куәлікті ресімдеу процесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде – дейді мамандар.

Қазақстанның 66 шет елдегі мекемелерінде Қазақстан азаматтарына ыңғайлы болу үшін ЭЦҚ беру және «Электрондық үкімет» порталының барлық қызметтеріне қол жеткізу жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта осы қызметке қосымша 22 консулдық мекемені қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Консулдықтарға баруды жоспарлау және «адам кезегінің» қолайсыздығын болдырмау үшін онлайн-брондау сервистері «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ бірлесіп әзірленді. Бұл сервис еліміздің 84 шет елдегі мекемелерінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар egov.kz порталында консулдық қызметтер бөлімі құрылып, бұл электрондық түрде қызмет көрсетуге (өтінімдерді жіберуге), кез келген кезеңде өтінімді өңдеуді бақылауға мүмкіндік береді.

Азаматтардың өтініштерін «е-Өтініш» порталы арқылы тікелей шетелдегі мекемелерде қарауға мүмкіндік берілді. Бұл өтініш берушілерге жауап дайындау уақытын қысқартады. Бүгінгі таңда порталға 31 шетелдік мекеме қосылған, жылдың соңына қарай барлық қалған шетелдік мекемелерді қосу жоспарлануда.