Қызылордада жылу жүйелері қалыпқа келтіріліп жатыр
Қызылорда облысында жылу беру маусымы кестеге сай уақытында басталды.
Қазір қажетті көмір отыны жеткілікті. Бірақ көп қабатты 70 үйді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мүмкін болмай тұр. Бұған жертөледе анықталған ақаулар себеп. Олардың кейбірі жаңғыртудан өтіп жатыр. Бұл жұмыстар белгіленген кезең бойынша жүзеге асады, дейді мамандар. Жалпы өңірде 207 шақырымнан астам жылу жүйесі бар. Оның 47 пайызы тозған. Биыл бюджет есебінен 7 шақырымы жаңарса, екі шақырымын жылу энергетикалық орталығы ауыстырған.
Болатбек Ысмағұлов, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- 205 тонна 2023-2024 жылғы жылу маусымына керек көмір отынының бүгінде 101 тоннасы немесе 42 пайызы жеткізілді. Арғы жағындағы 33 әлеуметтік нысандарға керек көмірге тапсырыс бойынша барлығы 100 пайыз жеткізіліп, қамтамасыз етілді.