Абай облысында құтқарушыларға жаңа көлік берілді
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі жаңа техникамен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құтқарушылар күні қарсаңында ведомство қызметкерлеріне 20-ға жуық көлік кілті табыс етілді. Оның жетеуіне қаражат республикалық бюджеттен бөлінсе, қалғаны жергілікті қазынаның ақшасына алынған.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 847 төтенше жағдай болған. Оның 612-сі – өндірістік және тұрмыстық өрт оқиғасы. 9 айда 352 адам құтқарылса, оның 43-і – бала.
Азамат Орынбаев, Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
- Жалпы айтатын болсақ, арнайы техниканың 40%-і ескірген. 15, 20 жылдан көп қолданыста жүр. Болашақта тағы да арнайы техника алып жатқан жағдайда оның барлығын жергілікті атқарушы органдарға, қала мен аудандардың әкімдіктеріне берілетін болады. Олар шалғайда жатқан ауылдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ ауылдарда арнайы өрт сөндіру бекеттерін ашады.