Биыл 250 мыңнан астам адам ҚХА-дан көмек алды

Биыл 250 мыңнан астам адам ҚХА-дан көмек алды

Жыл басынан бері 250 мыңнан астам адам Қазақстан халқы ассамблеясынан көмек алды.

Бұл туралы бүгін "Қайырымдылық керуені" республикалық форумында қоғамдық институт өкілдері хабарлады. Белсенділер мұқтаж жандарға 2 млрд теңгеге жуық жұмсаған. Соның ішінде Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге түрлі акциялар мен гуманитарлық көмек бар. Сондай-ақ форумда қоғамдық бірлестіктердің 17 басшысы "Жомарт жан" төсбелгісімен марапатталды.

Элина Масагутова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры:

- Біздің депутаттық корпусымен арнайы дөңгелек үстел өтті. Осы дөңгелек үстелде инклюзивті балалардың мәселелері көтерілді. Мысалы, оқу мәселелері, психологтар мәселелері, кәсіби сарапшылар арасында қандай сұрақтар көтеріледі және осындай сарапшылар арнайы орталықтарда қандай болу керек осында" мәселелер көтерілді.