Маңғыстау облысында арқар көбейді

Екі жыл бұрын жүргізілген әуе санағы кезінде 861 арқар болған.

Ал қазір 1060-қа жетіп отыр. Қызылсай өңірлік табиғи паркі аумағындағы санақ нәтижесі осындай. Оны «Охот-зоопром» мекемесі мен зоология институтының қызметкерлері жүргізді. Бұл парк 2012 жылы құрылған. Оның құрамында Қызылсай, Жабай-ұшқан, Адам-тас, Есет, Көлеңкелі, Манашы секілді жеті қорық бар.