Арқалық қаласында жел электр станциясы салынып жатыр

Бұл – 2023-27 жылдарға арналған қаланы кешенді дамыту бағдарламасына енгізілген ең ірі жоба, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы құны – 24,3 миллиард тенге. Қазір 10 жел турбинасы орнатылды. Бұдан бөлек, қосалқы станция мен қызметкерлерге арналған ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша жел электр паркі алдағы желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Станцияда 20 адам тұрақты жұмыс істейді деп жоспарланған және арадағы келісім бойынша  барлығы жергілікті тұрғындар болуы шарт. Мұндағы жел құрылғыларының қуаты – 48 мегаватт. Бұл облыстың оңтүстік өңірін электр энергиямен қамтуға артығымен жетеді, - дейді мамандар.

Абзал Тәшімов, қала әкімінің орынбасары:

- Мысалға келетін болсақ, мынау Арқалық қаласы Аманкелді, Жанкелдин аудандарын қосқан кезде біздің неміз 16 мегаватты ғана құрайды. Бұл сонда біздің қажеттілігімізден 3 есе артық энергия береді. Бұл жерде бұл энергия ортақ желіге қосылады да, Қазақстан бойынша қай жерде қажеттілік туындайды, сол жерге өздері таратып тұрады.