Павлодарда «Менің елім – менің Туым» акциясы жағасын тапты
«Менің елім – менің Туым» патриоттық акциясын павлодарлықтар да бастады.
Республика күніне арналған бастаманы студенттер қолдап, жатақхана терезелеріне жағалай көк байрақ ілген. Акция облыс орталығынан бөлек аудандарда да өтеді. Оған оқу орындары, мемлекеттік мекеме өкілдері мен тұрғындар да қатысуға бейіл.
Бәкіжан Кәкім, AMANAT партиясы ОФ "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы:
- Жастар бүгін бір адамдай атсалысып жатыр. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, барлығымыз жұмылып кірісіп кеттік. Жастақхананы таңдағанымыз жайдан жай емес. Бұл студенттер үшін де бір тың серпіліс болады деген оймен арнайы жастардың басы бірккен жерде, жастар жүретін жерде болса деп таңдаға болатынымыз осы орынды.
Данель Козкина, жастар белсендісі:
- Патриоттық акцияның ауқымы кеңейіп келеді. Жыл сайын қатысуға ниет білдірушілер қатары артқан. Осы шара арқылы жұртшылыққа мемлекеттік рәміздердің мән-маңызын түсіндіруге тырысамыз.