Алматыда LIFESTYLE Aport East молл ашылды

Нысан қалаға кіретін Құлжа тасжолының бойынан салынды.

Оның құрылысына Halyk Банкі мен Damu қоры қаржылай қолдау көрсетті. Сауда ойын-сауық орталығының аумағы 150 мың шаршы метр. Жобасы қазақстандық Eurasia RED девелаперлік компаниясына тиесілі.

Aport East моллынан жанға керектің бәрін табуға болады. Үлкендер үшін де, балалар үшін де қажеттінің бәрі бар. ТМД бойынша ең үлкен экранмен жабдықталған  Halyk Imax Kinopark 16 кинотеатры мен Орталық Азиядағы ең ірі Funky Planet отбасылық ойын-сауық паркі осында. Фудкортта 50-ге жуық мейрамхана мен кафе орналасқан.

Дмитрий Ревин, Aport моллының тең меншік иесі:

-  Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы жоспарымыз ауқымды. Қазір Aport East моллының екінші кезеңінің құрылысы жүріп жатыр. Оның 40 мыңнан астам шаршы метрінде Sanremo Resort&Spa аквапаркі, фитнес орталығы ашылады. Онда бір уақытта 4300 адам демалады. Енді үшінші кезең жобаланып жатыр. Оның аумағында 25 халықаралық бренд орналасады.

Magnum супермаркеті желісі тағы бір сауда орталығымен толықты. Оның аумағы 4,5 мың шаршы метрге жуық.

Азамат Османов, Magnum Cash & Carry бас директоры:

- Біз мұндай ауқымды жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұдан былай да серіктестерімізбен сүйікті қаламыз Алматыны гүлдендіруге бірге атсалысамыз. Қаланың дәл осы бөлігіне осындай нысан өте қажет еді. Енді тұрғындар бізді іздеп алысқа бармайды. Ал біз халыққа сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз.

Бірінші Lifestyle Aport East Моллы Алматы агломерациясының батыс бөлігін дамытуға сәтті пайдаланылды. Ал екіншісі шығыс жағын өркендеуге септігін тигізбек. Ол жерде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, осы аумаққа жақын орналасқан 1 миллион адамға қызмет көрсетеді.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов