Тәуелсіздік - қасиетті ұғым

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы Сәуле Досжан Республика күнімен құттықтай отырып, осылай деді.

Жаңғырған ұлттық мерекеміз арқылы ұрпақ санасына отансүйгіштік қасиетті сіңіру қажет. Елдің патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын, дейді.

Сәуле Досжан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы:

- Республика күні бұл ұлттық қасиетті мереке. 1990 жылы кеңес одағы ыдырамай тұрғанда біздің Қазақ Республикасының 360 депутат декларация қабылдап, Қазақ Республикасының заңдары, келешегі қалай болу керек деген декларация қабылдаған. Біздің Тәуелсіздігіміз содан басталады. Мен сол үлкен ұлттық қасиетті мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, Азаттығымыз биік асқақ болсын!