Мереке қарсаңында елімізде қауіпсіздік күшейтіледі
Мереке қарсаңында еліміздің ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшіріледі.
Қазанның 24-і мен 26-сы аралығында полиция және ұлттық ұлан қызметкерлерінің саны 20 мыңға көбейтілмек. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өңірлердегі қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынады. Ішкі істер министрлігі мереке қарсаңында тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өз мүліктеріне сақ болуға шақырады.
Айдын Оразбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық шаралар өтетін орындар белгіленді. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға жеткізу көзделген. Полиция жасақтары азаматтар көп жиналатын әрі демалатын орындарға жақындатылады. Камералар мен визалды бақылауға алынады.