Бұрынғы Әділет министрі ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады.

Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілікті. Тергеу мәліметтері бойынша, ведомствоның бұрынғы басшысы үлестес компанияның мүддесін қолдап, талап етілмейтін қызметтерді көрсету үшін жыл сайын келісімшарт жасасып келгені белгілі болды. Бұл әрекет мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген. Құзырлы орган активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады. 

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екендігі туралы ақпаратты растаймыз. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.