Елордада медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселесі талқылануда. LIVE
Елордада медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселесі талқыланып жатыр.
80-ге жуық елдің дәрігері мен ғалымдары сала серпілісіне қатысты түрлі ойларды ортаға салуда.
Жамила Садықова, «Темекісіз» қоғамдық қорының директоры:
- Шетелдік сарапшылармен өзара тәжірибе алмасып жатырмыз. Еуропалық мамандар «Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың байланысын арттыру керек» деп санайды. Осы арқылы саладағы өзекті мәселелерді жылдам шеше аламыз. Бұл тәжірибе біздің мемлекетте де бар. Мәселен біз Үкіметті вейпке тыйым салуға көндірдік. Енді заң мәжілісте қаралып жатыр. Конференцияда айтылған бұқара мен билік арасындағы байланыстың айқын сипаты осы дер едім.