Семейде 600-ден астам оқушы онлайн форматқа көшті
Семейдегі мектептердің бірінің жертөлесінен түтін шығып, 600-ден астам оқушы қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірінші және екінші ауысымдағы оқушылардың сабағы тоқтатылды. Құтқарушылар келгенше 371 оқушы мен 45 қызметкер қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Жергілікті Төтенше жағдай басқармасы мамандарының хабарлауынша, жауапты тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалған.
Қымбат Көпбаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:
- Іздестіру жұмыстарын жүргізген кезде электр қалқанының ішінде сымдардың қысқаша тұйықталу фактісі анықталды. Енді қазіргі жағдайда жаңағы кемшіліктерді түзету жұмыстары істеліп жатыр. Мектептің жұмысшылары жақын арада кемшіліктерді түзетіп, ВК РЭК келіп, жарықты қосып береді.