Астанада кітап орталығы ашылды
Республика күніне орай елордада «Кітап-AMANAT» жобасы аясында кітап орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиынға «AMANAT» партиясының мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға, ғылым, білімге ынталандыруға бағытталған. Сонымен қатар отандық авторлар мен баспагерлерге қолдау көрсетуді көздейді.
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:
- Кітапқа деген құрмет алғашқы орында. Кітаппен көзін ашқан, кітаппен елдің деңгейін көтерген мұндай өте қиын кезде, күрделі кезде кітап бізді әрқашанда жақсылыққа қарай тартады. Жаңашылдыққа қарай жетелеп отырған.
Алмас Ахметбекұлы, ақын:
- Кітап деген не, кітап өндірісі деген не? Біздің халқымыздың жан-дүниесінің бір бөлігі. Рухының бір бөлігі. Мемлекет қауіпсіздігінің бір бөлігі. Мынау данагөйлер айтады екен, ең мықты халық – кітабы көп халық. Ең қауіпсіз мемлекет – кітабы көп мемлекет.