Шымкентте мерекеге орай 320 келі палау пісірілді

Республика күніне орай Шымкентте 320 келі палау пісірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Достық дастарханын» жаюға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері мен Тараз, Алматы, Түркістан қалаларынан келген аспаздар атсалысты. Дәстүрлі шара 13 жылдан бері өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіледі. Байқаудың ерекшелігіне сәйкес қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Небәрі 12-ге толған жас аспаздар мен 40 жылдық тәжірибесі бар мамандар да жүлделі орынға дәмелі. Олар басты талап бойынша ұлттық тағымның шығу тарихын біліп, жасалу технологиясына мән беруі керек. Мерекеге орай 44 қазанға дайындалған ас,  тұрғындар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін таратылды. 

Абыт Қасымов, қазылар алқасының мүшесі:

- Палау пісіру мәдениетін, дәмін 4 номинация бойынша тексеріп жатырмыз. Палаулар өте керемет. Бірінен бірі асады аспаздар. Біреуі ғана жақсы екен деп айта алмайсыз. Өйткені бәрі керемет.