Ойыл-Жайық өзендеріне бақылау күшейді

Жайық-Каспий облысаралық, бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандары өткен 2 айда Жайық және Ойыл өзендерінен бөлініп қалған су тоғандарынан 5 млн шабақ құтқарды.

Сондай-ақ, су айдындарына заңсыз құрылған браконьенрлік 156 ау-құралы мен 9 қайық тәркіледі. Биыл көршілес Қызылқоға ауданының аумағындағы Ойыл өзеніне су мол келді. Қазір индерлік инспекция қызметкерлері екі аудандағы су маржандарын сақтап қалуға тырысып жатыр. Инспекция Жайық өзенінде 150, Ойыл бойында 200 шақырым аумақтағы айдындарға жауап береді.

Азамат Әбіғалиев, Индер балық инспекциясының бас маманы:

- Биыл Жайық өзенінің деңгейі 4,20 метрге дейін көтерілді. Аудан бойынша 21 тоған, 18 не су келді. Биыл Қызылқоға ауданы аумағындағы Ойыл өзені де инспекцияның қарамағына берілді.Қазір енді бірлескен рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Мұндай іс шаралар 2-3 күн, апта сайын бірлескен рейдтік шаралар ретінде жүріп отырады.