Республика күніне орай Түркістандағы ардагерлерге құрмет көрсетілді
25 қазан - Республика күніне орай Түркістандағы «Белсенді өмір сүру орталығында» ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Мереке қарсаңында Қазақстан Халық партиясының Түркістан облыстық филиалы бірқатар ардагерлерді құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Концерттік бағдарламада осы орталықтың мүшелері өздері ән шырқап, өнерлерін көрсетті. Қоғамдық жұмыстарға әлі де болса белсенді қатысып, мәдени іс-шаралардың ортасынан табылатын зейнеткерлер арнайы дипломдармен марапатталды. Қарттарға сый-сияпат жасалып, қошемет көрсетілді. «Белсенді өмір сүру орталығы» былтыр ғана ашылса да, қазір күніне 60-70 адамға қызмет көрсетеді. Мұнда жылына 2500 ардагер тынығады. Қарттар орталықта медициналық көмек, массаж алып, денсаулықтарын түзейді. Тұз шахтасында отырып, бой сергітеді. Түрлі жаттығулар жасап, дене қыздырады. Қан айналымын реттеп, түрлі ойындарға қатысады. Өздері мерекелерге орай мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.
Арыстанбек Бөрібеков, Түркістан тұрғыны:
- Түрлі ойындар, түрлі тренажорлар оның барлығы адамның денсаулығына, салауатты өмір сүруіне үлкен пайдасын тигізеді. Бәрі де өздеріне жасалып жатқан шараларға алғысын білдереді.
Гүлсезім Жәнібекқызы, "Белсенді өмір сүру орталығы" директорының орынбасары:
- Қаламыздағы ашылған мәдени ұйымдарға біздің орталықтың хаты арқылы барлық қызмет түрін тегін пайдаланады. Әр екінші күні 50% жеңілдікпен біз апаларды жинақтап, қыдыруға, саяхаттауға апарып тұрамыз. Театрда болып жатқан қойылымдардың барлығын толық қанды жеңілдікпен қамтамасыз етіп оытрмыз.