Қазақ мемлекеті белгіленген көне карталар көрмесі ашылды
Өскеменде Республика күніне орай Қазақ мемлекеті белгіленген көне карталар көрмесі ашылды.
Оған 16-19 ғасырлар аралығында сызылған 30 шақты карта көшірмесі қойылды. Түпнұсқалары Еуропа мен Америка мемлекеттерінің мұрағатында сақталған. Экспонаттар арасында 1648 жылғы Нидерланд картасы, 1849 жылғы Американың дүниежүзі және сонау 1530 жылғы Францияда сызылған әлем картасы бар. Барлығында да қазақ мемлекеті анық белгіленген. Бұл ел тарихының қаншалықты терең жатқанын айқындайтын даусыз деректер, дейді жиналғандар. Көрмеде қазақтан шыққан тұңғыш елші әйел Ару-Сұлтан туралы да қызық мағлұматттар бар. Тағылымы мол шараға алғашқы күні 200 адам келді. Көрме залы әлі екі апта жұмыс істейді.
Алмас Жәкішев, жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
- Ең ерекше карта, ол осы карта. Бұл карта бізде Англия мемлекетінен табылған 1562 жылы. Бұл картаның ерекшелігі былай айтқан кезде,бай көркемделген. Бұл жерде қазақ халқының, қазақ мемлекетінің тұрмыс тіршілігі, салт дәстүрі барлығы көрсетілген. Бұл жерде қарасаңыздар cassakia деген жазу бар, бұл Қазақ мемлекеті дегенді білдіреді иә.