Қанат Ислам Республика күнімен құттықтады

Қанат Ислам Республика күнімен құттықтады
turkystan.kz

Республика күні біздің еліміздің ең маңызды мерекесі болуы керек, дейді танымал спортшы, олимпиада жүлдегері Қанат Ислам. Ұлттық деген мәртебесіне сай тойлануы қажет.

Мысалы, АҚШ пен Түркия сияқты мемлекеттерде республика күнін бүкіл ел асыға күтеді. Тұрғындарының Отанына деген сүйіспеншілігі, елі мен жеріне деген құрметі ерекше. Спортшының айтуынша, республика күнінің маңызы мен тарихын әсіресе, жастар арасында барынша насихаттау қажет. Егемендікке қалай қол жеткізгенімізді естіп-білген ұрпақ өз елінің нағыз патриоты болып өседі.

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:
- Мен өзім он жылдан бері Америкадан келіп кетіп жүрмін ғой. Ол жақта республика күнін жоғары деңгейде бағалайды. Маған тәуелсіздік мерекесімен деңгейлес мереке деп ойлаймын. Өйткені, мұны мен 10 жылдан бері шет елде жүрмін ғой. Америкада, Түркияда болдым. Жалпы онда республика күндерін жоғары деңгейде атап өтеді. Өйткені бұл мәртебесі тәуелсіздік мерекесімен бірдей өзім үшін.