Ақмола облысында 120 адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Ақмола облысының прокуратурасы көлік құралын басқаруға тыйым салатын ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрған азаматтардың жүргізуші куәлігі барын анықтады.

Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне қайшы болғандықтан, денсаулығында кінәраты барлар көлік жүргізу құқығынан айырылды. Осындай 120 факт әшкере болды. Басқа да заңсыздықтар бойынша прокурорлар полиция органдарымен бірлесіп, жол қозғалысы ережесіне шекеден қараған 97 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Статистика көрсеткендей, оқыс оқиғалардың көбі жылдамдықты шектен тыс асырып, қауіпсіздік белдіктерін қолданбау, көлікті мас күйінде жүргізу салдарынан болады.