Марат Бекетаев елден қашпақ болған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Марат Бекетаевтың елден қашуды жоспарлағанын растады.
Бұрынғы әділет министрі 21 қазанда Астана әуежайында ұсталды. Экс-шенеунік Стамбұл арқылы Лондонға қашып кетпекші болған. Бөтен біреудің көлігімен, әдеттегі образынан өзгеше киінген оны құқық қорғау органдандары бірден қолға түсірді. Айта кетейік, Марат Бекетаевқа лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.
Асхат Жұмағали, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Иә, шын мәнінде ол адам елден қашуға әрекеттенді. Лондонға Стамбұл арқылы ұшуды ойластырған. Біз оны әуежайда рейске тіркелу кезінде ұстадық. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.