Қазақстанның транзит дәлізі ұлғаяды

Қазақстан транзит дәлізін ұлғайтады.

Біздің ел, Грузия және Әзербайжанмен үшжақты келісім жасады. Яғни, Орталық дәліз арқылы жүк таситын бірлескен кәсіпорын құру жобасын талқылап, ортақ шартқа қол қойды. Бұл келісім жүк жөнелту рәсімдерін жеңілдетіп, жеткізу мерзімін қысқартады. Сондай-ақ тасымалдау бойынша бірыңғай ұзақмерзімді тарифтер енгізуге мүмкіндік бермек. Қазір Грузияда "Бүгінгі бағам – ертеңге нық қадам" тақырыбында халықаралық форум өтіп жатыр. Жиынға әлемнің 60-қа жуық елінен 2 мыңнан астам делегат барған. Мақсат – жаһандық экономикалық мәселелерді шешу жолдарын қарастыру және транзит байланысын нығайту.

Сәтжан Аблалиев, ҚР Көлік вице-министрі:

- Қазақстан өзінің транзит әлеуетін арттыруға мүдделі. Бүгін біздер елдер арасында транзиттік дәлізді дамыту жайын талқылап, тәжірибе алмасып, Грузия, Әзербайжан, Түркиямен тығыз байланыс орнаттық. Осылайша өз аумағымызда транзит дәлізін ұлғайтуға мүмкіндік алып отырмыз.

Ерлан Қойшыбаев, "ҚТЖ" ҰК"АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары:

- Бірлескен кәсіпорын бірыңғай цифрлық процестерді жүзеге асырып, жүк жеткізу ісіне сандық технологияны енгізумен айналыспақ. Сондай-ақ бұл компанияның аталған 3 елдің аумағы бойынша орта сандық жүйесі болады.