Алматыда «Еуразиядағы көші-қон» атты конференция өтті
Былтыр Қазақстанға 5 миллион шетелдік келген.
Олардың арасында жұмыс бабымен келген мамандар, сутденттер, транзиттік мигранттар және релоканттар бар. Алматыда өткен «Еуразиядағы көші-қон» атты халықаралық конференцияда осы мәселе талқыланды. Жиынға келгендер Қазақстанның ірі транзит дәліз екендігін айтып, алдағы уақытта мигранттардың көбейе түсетінін айтады. Сарапшылардың пікірінше, қазір Қазақстанда 5 мың Үндістан азаматы жүр. Оның басым бөлігі студент. Ал былтыр Ресейдегі мобилизация кезінде мыңдаған адам келген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылдан бастап елде уақытша тұруға рұқсат алған шетелдіктердің саны 10 пайызға артқан. Яғни, 50 мың адамға жуықтайды. Сарапшылар көші-қон мәселесі бойынша екі тарапқа да қауіпсіз болатын жағдайларды бірлесе шешу қажет,- деп санайды.
Думан Жекенов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы:
- Қазіргі халықаралық жағдай оның ішінде Орталық Азия аймағы өте маңызды геосаяси аймаққа айналып отыр. Әлемдік ойыншылардың барлығы Орталық Азия мемлекеттеріне көзін салып, Орталық Азия плюс Россия, Орталық азия плюс Қытай немесе Иран деген сияқты кездесулер өтікзуде. Конференция өткізіп, бұл мемлекет басшыларының аясында ғана емес ғалымдардың да ортасында байланыстың бар екендігін, оның жетілетіндігін көрсеткіміз келді.