Павлодарда «Жастар және заң» атты жоба жүзеге асырылып жатыр
Есірткіден жастар аулақ болуы керек.
Павлодар өңірінде «Жастар және заң» атты жоба жүзеге асырылып жатыр. Полицейлер есірткі саудасымен ұсталғандардың көбі 18 бен 23 жас аралығындағы жастар дейді. Олардың арасында оқушылар мен колледж студенттері де бар. Облыста биылдыққа есірткі тарату және сату ісі бойынша 200-ге жуық қылмыс тіркеліп, 400 келіден астам есірткі тәркіленген.
Ирина Темірғалиева, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:
- Бұл әдісті бұған дейін де қолдандық. Тәжірибе көрсеткендей тиімділігі бар. Жасөспірімдер мен студенттерге маңызды ақпаратты ойын форматында жеткізуге тырысамыз. Мәселен, есірткі қылмысы үшін ұсталған азаматтың сотын спектакль ретінде көрсеттік. Бұл процесске болашақ заңгерлер мен құқықтанушылар тартылды. Олар үшін бұл қызықты. Жастармен психолог да жұмыс істейді.
Санжана Қабыл, студент:
- Профилактикалық диспут, дәріс және сынып сағаттары ғана емес, олар профилактикалық ойындар арқылы да жүзеге асырылады. Қазіргі таңда есірткі таратушылар көбейіп бара жатыр. Оларды алдын алу шараларын біз жүргіземіз, қарастырамыз. Олар осы процесс қалай өтіп жатыр екенін байқайды, өздеріне ақпарат алады дегендей.