М. Әшімбаев паралимпиадалық командамен кездесті
Сенат Төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия пара ойындарына қатысқан еліміздің паралимпиадалық командасымен кездесті.
Мәулен Әшімбаев қазақстандық боччашылардың Азия пара ойындарына алғаш қатысып,, әлемдік додада бақ сынауы - айтарлықтай жетістік екенін айтты. Біздің ойыншылар Иран, Корея, Гонконг, Таиланд, Жапония және тағы басқа елдердің атлеттерімен сынға түсті. Азия пара ойындары отандық паралимпиадалық спортты дамытуға тың серпін берді. Аталған жарыста параспортшылар 41 жүлде, оның ішінде 8 алтын медаль еншіледі. Мәулен Әшімбаев осы қол жеткізген жетістікпен тоқтап қалмай, келесі сайыстарда да жоғары нәтиже көрсету үшін жаттығу жұмыстарын жалғастыра берудің маңыздылығын атап өтті.