Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Қызылорда облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйіне улы газды анықтайтын дабыл құрылғысы тегін орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тізімде 8 мыңнан астам үй болса, соңғы 5 жылда 7250 шаңырақ датчикпен қамтылды. Былтыр 2 үйде дабыл құрылғысы іске қосылып, белгі берген. Сөйтіп, 11 адамның өмірін сақтап қалды.
Статистика бойынша өрттің шығуы мен көмірқышқыл газына уланудың негізгі себебі – қауіпсіздік ережесін сақтамау және газ қондырғысындағы ақаулық. Қазір өңірде төтенше жағдайдың алдын алу шаралары күшейтіліп, өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.
Асхат Оразбеков, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:
- Биылға көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер сатып алу бойынша жыл басында сұраныс бергенбіз жергілікті әкімдікке. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы тапсырмалар берді тиісті аудандық, қалалық әкімдіктерге. Қазіргі таңда әлі алынған жоқ. Бірақ енді алынады деп жоспарлап отырмыз.