Delta Bank акционері 10 жылға сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, Тілеубаев 2012-2017 жылдары аралығында қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банк қаражатын жымқырған.
Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүліктер анықталып, шектеу қоюға санкция берілді. Жылжымайтын мүліктер арасында Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, 4 бөлмелі пәтер мен 3 компаниядағы 100%-тік акциялар бар. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерінде құны шамамен 5 млн доллар болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла да анықталды. «Сонымен қатар өзге мемлекетте де Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан табылды», - дейді мамандар. Қазір Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.