Қарағандыдағы 6 кеншінің жеке басы әлі анықталған жоқ
Қарағандыдағы Кастенко шахтасында опат болған 6 кеншінің жеке басы әлі анықталмады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Іздестіру жұмыстары кезінде жалпы 45 кеншінің денесі табылған болатын. Сондай-ақ құтқарушылармен тағы бір адамның дене бөлшектері анықталған. Оның да кім екені белгісіз. Сәйкестендіру жұмыстары үшін қажетті тиісті сараптамалар мен ДНК талдауы жүргізілуі мүмкін.
Қазір тергеу жұмыстарына Қазақстаннан бөлек, шетелдік сараптамалық ұйымдар да жұмылдырылған. Апат себептерін тексеру аясында Үкіметтік комиссия мүшелері де шахтаға түскен. Ал өндірісті қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.